Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио-2020: Дзюдошы Дидар Хамза алғашқы белдесуде жеңіліп қалды

2021 жылдың 27 шілде 2021 11:08

ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында дзюдошы Дидар Хамза алғашқы белдесуінде қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық спортшы 81 келі салмақта татамиге шықты. Ол Моңғолия атынан сынға түсіп жатқан ирандық Саид Моллаимен күресті.

Саид Моллаи - тәжірибелі спортшының бірі. 2018 жылы әлем чемпионы атанса, сол жылы Азия ойындарында күміс жүлдегер болды.

Белдесу барысында Дидар қарсыласына иппон әдісімен есе жіберіп қойды.

Еске салсақ, Олимпиадада 60 келіде Елдос Сметов қола жүлдегер атанды.

Ал Отгонцэцэг Галбадрах (48 келі) пен Ерлан Серікжанов (66 келі) жарыс жолынан шығып қалды.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Олимпиада, Спорт,
Жоғары қарай