Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио-2020: Әбілхан Аманқұл қарсыласына есе жіберді

2021 жылдың 1 тамыз 2021 15:39

ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (75 келі) бүгін бразилиялық Эберт Соузамен қолғап түйістірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі бразилиялық жеңгеніне қолдау көрсетсе, екеуі қазақстандыққа сенім көрсетті. Екінші раундта төрешілердің үшеуі Әбілханның жеңгенін көрсетті.

Айта кетейік, Әбілхан бірінші іріктеу сатысына қатысқан жоқ.

Жалпы қорытындада бразилиялық жеңіске жетті.

Екінші іріктеу сатысында Әбілхан өзбекстандық Фанат Кахрамоновты қапы қалдырып кетті.

Еске салсақ, биылғы Олимпиадаға ерлер құрамасынан 8 спортшы барды. Олардың арасынан Әбілханнан өзге Сәкен Байбосынов (52 келі), Закир Сафиуллин (60 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) жарысты жалғастыруда.

Ал Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) қарсыласына есе жіберіп қойды.

Қыздарда Надежда Рябец (75 келі) алғашқы кездесуде жеңіліп қалды.

ФОТО: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК
Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Бокс, Олимпиада, Спорт,
Жоғары қарай