Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Тоқаев Жергілікті қамту жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын сынады

2020 жылдың 10 шілде 2020 13:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жергілікті қамту жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы «түртіп қою» үшін ғана жүргізіледі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақорда баспасөз қызметінің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Инфрақұрылымдық мемлекеттік бағдарламалар аясында әкімдер мен министрлер жергілікті қамту үлесін 90 пайызға дейін жеткізу міндеттемесін алған. Жыл сайын бұл мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемі шамамен 2,8 трлн теңгені құрайды. Яғни, біздің экономикамызға 2,5 трлн теңге құйылуы тиіс», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Осы орайда Мемлекет басшысы іс жүзінде мұндай жайт көрініс бермей отырғанын сынады.

«Жоспарлаудың, есептілік пен есепке алудың бірыңғай жүйесі жоқ. Мемлекеттік органдар мен бас мердігерлердің қатаң жауапкершілігі де іс жүзінде болмай отыр. Жергілікті қамту жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы «түртіп қою» үшін ғана жүргізіледі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, видеобайланыс арқылы өтіп жатқан жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылды.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жыл соңына дейін орындайтын міндеттер жөнінде Премьер-Министр Асқар Мамин, ақша-несие саясатына қатысты шаралар туралы Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндама жасады.


Жоғары қарай