Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Тоқаев: Үкіметтің алдында Алматының келбетін бұрынғыдан да жақсарту міндеті тұр

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 17:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жедел штаб отырысында осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын барысында Президент еліміздің ірі қаласына жасалған террористік шабуыл салдарын өз көзімен көру үшін Алматыға арнайы келгенін айтты.

Президент Үкіметтік комиссияға Алматы қаласының әкімдігімен бірлесе отырып, инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы құрылымдардың ғимараттарын, бейнебақылау жүйесін қысқа мерзім ішінде қалпына келтіруді тапсырды.

Сонымен қатар зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі.

«Өздеріңізге мәлім, Алматы – менің туған қалам. Осында дүниеге келдім, оқыдым. Алдымызда қысқа мерзім ішінде қаланы қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл – менің Президент ретінде және еліміздің азаматы ретінде парызым. Қаланың қалпына келетініне еш күмән жоқ. Үкіметтің алдында қаланың келбетін бұрынғыдан да жақсарту міндеті тұр. Бұл - өте үлкен жұмыс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, Алматыда Мемлекет басшысының төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті.

Онда Үкіметтік комиссияның төрағасы, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев және Ішкі істер, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері баяндама жасады.


Жоғары қарай