Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 376.77
EUR 408.46
RUB 5.95
CNY 53.98

Тоқаев Үкіметке Бірыңғай бағдарламалық құжатты әзірлеуді тапсырды

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 13:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Бірыңғай бағдарламалық құжатты әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Басқарушылық және технологиялық құзыреттердің өсімінсіз қуатты экономиканы құру мүмкін емес. Алдымызда ашық әрі сындарды салықтық-бюджеттік саясатты құру міндеті тұр. Тиімді өнеркәсіптік саясатты жүргізу қажет болады, ол отандық кәсіпкерлерді, өнімді өткізу нарықтарына қолжетімділікті, кәсіпорындар өнімділігін арттыруды, бәсекеге қабілеттілік өсімі мен қазақстандық өнімнің сапасын қорғау мен дамуды қамтамасыз етуге міндетті болады. Ақша-несиелік саясат, қарқынды қаржы нарығы экономиканы ұзақмерзімді және қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Бізге барлық салаларда заңнама мен реттеу шараларын жетілдіру керек, медицинадан бастап, қаржы нарықтарына дейін, яғни ең үздік әлемдік тәжірибе базасында», - деді Қ. Тоқаев.

Осы орайда, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы тәжірибесі назарға алынбақ.

«Айқын мақсаттар, түсінікті міндеттер, оларды толықтай орындау – экономикалық өсімнің жаңа сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан Бірыңғай бағдарламалық құжатты әзірлеу қажет болып тұр, яғни формасы бойынша барынша ықшам, мазмұны бойынша терең құжат. Бұл тұрғыда ортамерзімді кезеңге Үкіметтің жұмыс жоспарына қатысты болып отыр. Аталған құжат Үкіметпен, Президент Әкімшілігімен, «Атамекен» ҰКП-мен 15 мамырға қарай дайындалуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.


Жоғары қарай