Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тоқаев Парламент сайлауы жайлы: Жастарға шынайы мүмкіндік туып отыр

2020 жылдың 22 қазан 2020 13:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел жастарына сенім білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қоғамдық пікірді және азаматтардың түйткілді мәселелерін зерделей отырып, маңызды істерге жол аштық. Бүгін мен жастарға арналған 30 пайыздық квота туралы айттым. Бұл бастаманың заңды тұрғыда рәсімделуі – мемлекетті басқару тәсілдерін жаңартуға бағытталған байыпты қадам. Сондай-ақ, осы жоба арқылы еліміздің саяси өміріне белсенді араласуға зор мүмкіндік беріледі», - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір еліміз бойынша мәслихат депутаттары корпусында жастардың үлесі 2 пайыз шамасында екенін жеткізді.

«3 мыңнан астам мәслихат депутатының арасындағы жастардың саны бар-жоғы 60-қа жуық. Мұндай жағдайда қоғамда, әсіресе жастар арасында әлеуметтік лифттің тиімділігі туралы сұрақтың туындауы орынды. Ал бүгінгі таңда барлық саяси партиялар талантты әрі белсенді жастарды тартып жатқанын көріп отырмыз. Мұны жағымды үдеріс деп санаймын. Қаншама жастар үшін елдің дамуы мен болашағын айқындауға сөзбен емес, іспен үлес қосуға шынайы мүмкіндік туады. Мұны алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауының нәтижесінен көретін боламыз. Бұл іске Ұлттық кеңестің барлық мүшесі зор еңбек сіңірді», - деді ол.


Жоғары қарай