Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тоқаев: Пандемиядан сабақ алып, әлеуметтік саясатымызды жаңа жағдайларға жүйелі түрде бейімдеуіміз керек

2021 жылдың 7 желтоқсан 2021 19:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пандемиядан сабақ алып, әлеуметтік саясатымызды жаңа жағдайларға жүйелі түрде бейімдеуіміз керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкімет тиісті шараларды қабылдады деп санаймын. Пандемиядан сабақ алып, әлеуметтік саясатымызды жаңа жағдайларға жүйелі түрде бейімдеуіміз керек. Жалпы, ұсынылып отырған мақсаттар мен міндеттерді қолдай отырып, әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекстің жаңа «қоғамдық шарттың» негізгі бөлігіне айналуы қажет екенін айтқым келеді. Кодекс бойынша мемлекет жаңартылған әлеуметтік міндеттемелердің орындалуына кепілдік береді. Алайда, барлық қазақстандық болашағын ойлап, өздеріне жауапкершілік пен міндеттемелер ала бастауы керек. Әлеуметтік жаңғырудың барлық құралы нақты жұмыс істеп, азаматтар мен бизнес үшін түсінікті болуға тиіс», – деді Президент.


Басты сөздер: Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай