Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Тоқаев квазимемлекеттік сектордағы тиімсіз шығыстарды қысқартуды тапсырды

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 14:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Квазимемлекеттік сектордағы тиімсіз шығыстарды қысқарту қажет. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бюджеттік саясаттың тиімділігін тыңғылықты зерделеу қажет. Мен имидждік іс-шараларға бюджет шығыстарын қысқартуды тапсырған едім. Үкімет шығыстарды 300 млрд теңгеге оңтайландырды. Дегенмен, мұны мәселені шешудегі алғашқы қадам деп санаймыз», - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы дәл осындай жұмысты квазимемлекеттік секторда да жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Өнімсіз шығыстарды қысқартуға бағытталған дәл осындай жұмысты квазимемлекеттік секторда да жүргізу қажет. Үкіметке 2020 жылдың 1 мамырына дейін атқарылған жұмыстарды баяндауды тапсырамын», - дедіҚасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай