Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тоқаев: Қазақстан ТМД елдері қадағалаушы органдарының көпжылдық ынтымағын жоғары бағалайды

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 10:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев ТМД мемлекеттері бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің мәжілісінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздерді Қазақстанда қарсы алып жатқанымызға шын жүректен қуаныштымын. ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесі адам құқықтарын қорғау саласындағы үздік әлемдік практикаларды зерделеп, талқылайтын маңызды алаң болып табылады. Өзара іс-қимылдың мұндай форматы-құқықтық саладағы тиімді халықаралық ынтымақтастықтың үлгісі. ТМД кеңістігінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жалпы күш-жігер барған сайын сұранысқа ие болып келеді. Осы жағдайда Үйлестіру кеңесі әріптестікті кеңейтуге және өңірдегі тұрақтылықты нығайтуға қомақты үлес қосады. Прокуратураның қызметі бүкіл құқық қорғау жүйесінің тиімділігінде, құқық үстемдігін қамтамасыз етуде және заң алдындағы теңдікте басты рөл атқарады. Қазақстан ТМД елдерінің қадағалаушы органдарының көпжылдық ынтымақтастығын жоғары бағалайды. Бүгін осы саладағы өзекті сауалнамалар жемісті талқыланып, бірлескен жұмыстың жаңа басымдықтары белгіленетініне сенімдімін. Отырысқа қатысушыларға табыс және алға қойылған барлық міндеттерді жүзеге асыруды тілеймін», - делінген Президенттің құттықтауында.


Жоғары қарай