Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тоқаев: Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына адалдығын сақтайды

2020 жылдың 24 қазан 2020 11:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына адалдығын сақтайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды.

«1945 ж. 24 қазанда, яғни 75 жыл бұрын БҰҰ құрылды. Бұл жаһандық институт Қырғи-қабақ соғыс кезінде және жалпы құбылмалы кезеңде өз тиімділігін дәлелдеді. Сондықтан оның баламасы жоқ. Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына, әмбебап ұйымның ұзақмерзімді мақсаттарына адалдығын сақтайды», - деді Қ.Тоқаев.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке құттықтау жеделхатын жолдады.



Жоғары қарай