Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Тоқаев Алматы облысын газдандыру жұмысын тексеретіндігін ескертті

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 11:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысы халқының 56 пайызына көгілдір отын беріледі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында аталған өңірдің әкімі Амандық Баталов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Алматы облысын газдандыру жұмысы қолға алынған өңірдің небәрі 9-11 пайызы ғана көгілдір отынның қызығын көріп отырған. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі Үкіметтің қолдауымен Алматыдан Талдықорғанға дейін 250 шақырымдық негізгі магистралды газ құбырын тарту жұмысын аяқтаған. Мұнан бөлек өңірдің өз қаражаты есебінен Текелі қаласына дейін газ құбыры тартылып, жол бойындағы Ескелді би ауданы қамтылған. Жаркент, Шонжы, Бақанас, Сарыөзек, Үштөбеге дейін газ құбыры жеткізілген. Қазіргі уақытта Талдықорған қаласына газ құбырын тарту жұмыстары қолға алынып отыр.

«Биыл 1 млн 400 мың адамға газ жеткізіп береміз. Яғни облыс халқының 56 пайызы көгілдір отынға қол жеткізетін болды», - деді Алматы облысының әкімі жиынға төрағалық етіп отырған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарата.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімінің деректерін нақтылап тағы бір сұрай келе: «Жақсы жылдың екінші жартысында барамын. Көреміз оның бәрін», - деп ескертті.


Жоғары қарай