Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тоғжанов ВАК отырысында: Қабылданған шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал етеді

2021 жылдың 16 тамыз 2021 19:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Е. Қиясовтың баяндамасын тыңдағаннан кейін вице-премьер қабылданып жатқан шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал ететінін атап өтті. Бүгінгі күні инфекциялық төсектердің толымдылығы 55%-ды, реанимациялық төсектердің жүктемесі 47%-ды құрайды.

Дегенмен Е. Тоғжанов бірқатар өңірде, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында халықты вакцинамен қамту жұмысының белсенділігінің төмен екенін атап өтті.

Сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау, Атырау және Қостанай облыстарында тұрғын үй аулаларын аралау арқылы халық арасында екпе жұмыстарының ұйымдастырылмағанын атап өтті.

Осыған байланысты Премьер-Министрдің орынбасары анықталған кемшіліктерді түзету бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар мемлекеттік органдарға келесідей тапсырмалар берілді:

2021-2022 жылдарға арналған COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын әзірлеу;

қызмет көрсету саласында вакцина алмаған қызметкерлерді анықтау жөніндегі мониторингтік топтардың іс-қимыл алгоритмін бекіту.


Жоғары қарай