Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тоғыз айда бюджетке 7,9 трлн теңге түсті

2021 жылдың 12 қазан 2021 11:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар мен кыркүйек айларында мемлекеттік бюджетке 7,9 трлн теңге түскен. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкмітеттің отырысына айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, 9 айда мемлекеттік бюджетке 7 трлн 912 млрд теңге сомасында кірістер түсіп, жоспар 104% орындалған. Соның ішінде республикалық бюджетке 5,1 трлн теңге түсіп, жоспар 100,1% орындалған.

«Жалпы, кірістер бойынша жоспар 7 млрд теңгеге асыра орындалдыо Оның ішінде салықтар 22 млрд теңгеге атқарылса, салықтық емес түсімдер 17 млрд теңгеге атқарылмады.

Салықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомалары корпоративтік табыс салығына, пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салыққа және ішкі өндіріс тауарларына салынатын қосылған құн салығына тиесілі болды», - деді ведомство басшысы.

Министрдің мәліметі бойынша, корпоративтік табыс салығының жоспары 672 ірі салық төлеушінің мәлімделген аванстық төлемдері 66,4% ұлғаюына байланысты асыра орындалған.


Жоғары қарай