Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«Тобыл» футболшылары жаттығу жұмыстарын бастады

2020 жылдың 31 мамыр 2020 17:33

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы бірнеше апта үзілістен соң жаттығу жұмыстарына қайта оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

25 мамырдан бастап Қостанай облысында санитарлық-эпидемиологиялық режимді күшейте отырып, көптеген нысандардың, соның ішінде спорттық ұжымдардың жұмыс істеуіне рұқсат берілген. Сол себепті қостанайлық кәсіби футболшылар жасыл алаңға оралуға мүмкіндік алды.

«Үзілістен кейін бірінші жаттығу жеңілдетілген режимде өтті. Бапкерлер штабы футболшылардың жағдайын бағалады, соған қарап алдағы жұмыс жоспарын құрады. Қазіргі OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының жалғасатын күні белгісіз, бірақ турнирді жалғастыру үшін екі жоспар қарастырылуда. Біріншісі – көрерменсіз ойындар 15 маусымнан, ал екіншісі жабық алаңдарда 1 шілдеден басталуы мүмкін», - делінген клуб сайтындағы хабарламада.

Айта кетейік, Павлодардың «Ertis» клубы футболдан Қазақстан чемпионатына қатысудан бас тартты.



Жоғары қарай