Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Төбесіне металл конструкция құлаған астаналық әйел ауыр халде жатыр

2021 жылдың 25 қазан 2021 20:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада дәрігерлер төбесіне металл конструкция құлаған әйелдің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта науқас өте ауыр халде реанимация бөлімінде жатыр. Пациент дәрігерлердің жіті бақылауында. Қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетсек, 22 қазан күні Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй шатырынан металл конструкциясы құлады.

Оқыс оқиға салдарынан 56 жастағы әйел түрлі жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті.

Сондай-ақ, қалалық Полиция департаменті болған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалының басталғанын хабарлады.



Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай