Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ТМД министрлері соғыс туралы өлеңдер оқыды

2021 жылдың 21 маусым 2021 16:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ТМД-ға қатысушы елдердің сыртқы істер министрлері Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың ерлігіне тағзым ретінде ол туралы өздерінің ана тілдерінде жазылған өлеңдерден үзінділер оқыды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

22 маусымда фашисттік күштердің КСРО аумағына басып кіргеніне және Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толады. Бұл оқиға Қазақстан халқына орасан зор қайғы әкелді.

1,2 миллионға жуық қазақстандықтар майданға аттанды, олардың 600 мыңнан астамы қаза тапты. Шайқастарда көрсеткен ерліктері үшін жүздеген мың адам орден мен медальға, ал 500-ден астам жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Фашизмді жеңуге тыл еңбеккерлері де баға жетпес үлес қосты.
Сұрапыл соғыстың басталуын еске алу күнінің қарсаңында ТМД-ға қатысушы елдердің сыртқы істер министрлері Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың ерлігіне тағзым ретінде ол туралы өздерінің ана тілдерінде жазылған өлеңдерден үзінділер оқыды.



Жоғары қарай