Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тимур Құлыбаев Президентке кәсіпкерліктің ТЖ режимінен кейінгі жағдайы туралы айтты

2020 жылдың 18 маусым 2020 16:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Мемлекет басшысына кәсіпкерліктің төтенше жағдай режимі және карантин шектеулерінен кейінгі жағдайы туралы айтты. Тимур Құлыбаев бизнестің зардап шеккен салаларының түйткілді мәселелерін талқылау бойынша жұмыс кездесулердің өткенін айтып, оның алдын ала қортындысы туралы ақпарат берді. «Атамекен» ҰКП бастамасымен өткен бірлескен кездесулерге ҚР Премьер-Министрі, Үкімет мүшелері, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері мен бизнес-қоғамдастық қатысты.

Мемлекет басшысына жұмыспен қамту және қолдау шараларының тиімділігіне қатысты кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнамалардың қорытындысы туралы да баяндалды. Аталған сауалнамаларға 65 мыңға жуық бизнес субъектісі қатысқан. Бұдан бөлек, Қазақстан Президентіне Үкімет, жергілікті атқарушы органдар мен «Атамекен» ҰКП-ның бірлесіп, Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бірыңғай ахуалдық орталық ашу туралы ұсыныс айтылды.


Жоғары қарай