Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Тілеухан Әбілдаев Алматыда коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы туралы айтып берді

2020 жылдың 15 наурыз 2020 16:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алматыда коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласындағы ауруханаларда коронавирус жұқтырған 6 адам жатыр. Бұған дейін хабарланғандай, Германиядан келген үш пациент бар. Төртіншісі Мәскеу-Алматы рейсімен келді. Қазіргі уақытта төрт пациенттің жағдайы қанағаттанарлық. Екеуінің жағдайының ауырлығы орташа. Олардың бәрі бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Дер кезінде вирусқа қарсы және симптоматикалық терапия басталды», - деді Тілеухан Әбілдаев «Хабар 24» арнасынан берілген онлайн режімдегі баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек бүгін сағат 13.00-де «Хабар 24» арнасында онлайн режімде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 8-ге жеткенін хабарлаған еді.

Айта кетсек бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа ҚР Президенті қол қойды.

Жарлыққа сәйкес ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы тоқтатылып, Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленді.


Жоғары қарай