Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Терезені балғамен сындырған: Елордада көлік тонаушылар камераға түсіп қалды

2021 жылдың 19 қараша 2021 17:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада түнгі уақытта көліктердің терезесін сындырып, тонаумен айналысқан күдіктілер ұсталды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Ведомство мәліметінше, қаскүнемдер екі түн қатарынан «ВАЗ 21014» маркалы 2 автокөлікті тонаған. Күдіктілер автокөліктерден борттық компьютерлер, автомагнитолалар мен қысқы дөңгелектерді алып кеткен.

«Түнгі уақытта дабыл жүйесі орнатылмаған «ВАЗ 21014» маркалы автокөлікті байқаған екі жігіттің бірі артқы терезені сындыру арқылы салонға кірген. Келесі күні де ұрылар дәл осы тәсілмен екінші автокөлікке ұрлыққа түскен. Қылмыс барысында олар көліктердің апаттық жағдайға арналған балғасын қолданған», - деп атап өтеді департаменттен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 21 және 24 жастағы екі күдіктіні ұстады. Ұрланған заттар жігіттердің тұрғылықты жерінен табылып, тәркіленді.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Олардың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда», - делінген таратылған ақпаратта.


Жоғары қарай