Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Терекке жүректің суретін ойып салған жігітке айыппұл салынды

2020 жылдың 14 тамыз 2020 21:06

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жас жігіт терекке ойып, жүректің суретін салған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Хан тоғайында орын алды.

Жігіттің қарағайға ойып, жүректің суретін салған әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қызу талқыға түсті.


БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері теректі ойған адамды анықтады. Ол Орал қаласының 1999 жылғы тұрғыны болып шықты.

Тұрғынға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 381-1-бабы 2-бөлігіне (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) сәйкес 27 780 теңге көлемінде айыппұл салынды.





Жоғары қарай