Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Теракт туралы жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін сотталады – полиция департаменті

2022 жылдың 25 мамыр 2022 13:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының полиция органдарын, оның ішінде арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырудың 120-дан астам дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жауапты ведомствоның мәліметінше, барлық фактілер бойынша құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 438-бабына сәйкес 30 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Сонымен қатар, полиция қызметкерлері терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалардың 9 дерегін тіркеді. Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады. Мәселен, 102 арнасына елордалық мектептердің біріне жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы хат түсті. Осындай хабарлар басқа білім мекемелеріне қатысты да келді. Полиция департаменті мамандары тексеру жүргізгенімен, ақпарат расталмады. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ», - деп жазды департаменттен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өкініштісі, мұндай құқық бұзушылықтар елеулі қоғамдық резонанс тудырады. Көбінесе жалған хабарларды мас күйіндегі ересектер немесе кәмелетке толмағандар қасақана таратады.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті көрінеу жалған хабарлама үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершіліктің қарастырылғанын ескертеді.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Полиция, Сот,
Жоғары қарай