Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннисші Елена Рыбакина Страсбург турнирінің финалында ұтылып қалды

2020 жылдың 26 қыркүйек 2020 19:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Страсбург турнирінің финалында қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 5-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда украиналық спортшы 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Елена есе қайырды - 6:1.

Үшінші, шешуші партияда Э.Свитолина басым түсті - 6:2.

Тартысты бәсеке 1 сағат 52 минутқа созылды.

Е.Рыбакинаның WTA жарысында финалға дейін жетуі де - жақсы көрсеткіш. Енді ертең Парижде басталатын Франция ашық чемпионатында сәтті өнер көрсетсе, табысы көбейіп, рейтингісі жоғарылайтыны анық.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Гамбург турнирінің жартылай финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер:
Жоғары қарай