Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннисші Елена Рыбакина Чехиядағы турнирде ұтылып қалды

2020 жылдың 20 қазан 2020 19:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина Острава (Чехия) WTA турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы доданың 6-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 75-орында тұрған ресейлік Дарья Касаткинамен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші брейк жасап, 2:0 есебімен алға шыққанымен, қарсыласы бұдан кейін қатарынан алты геймді алды – 6:2.

Есесіне екінші сетте Д.Касаткина брейкпен бастағанымен, Е.Рыбакина содан соң төрт геймді өз пайдасына жазды – 4:1. Ақыры оны сәтті аяқтай білді – 6:3.

Үшінші, шешуші партияда ресейлік спортшы брейкпен алға кетті – 3:1. Сол басымдылығынан айырыла қойған жоқ – 6:3.

Тартысты бәсеке 1 сағат 52 минутқа созылды.

Д.Касаткина жүлде қоры 528,5 мың АҚШ долларына бағаланған турнирдің ширек финалына шығу үшін әлемнің 26-ракеткасы, биылғы US Open турнирінің жартылай финалисі, америкалық Дженнифер Брэйди немесе рейтингте 29-сатыдағы Украинаның 20 жастағы жұлдызы Даяна Ястремскаяның біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің үздік елу теннисшінің қатарына қайта кіргенін жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай