Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 17-орынға көтерілді

2022 жылдың 9 мамыр 2022 14:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, ел құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 18-ден 17-орынға көтерілді.

Сондай-ақ Юлия Путинцева 44-тен 40-сатыға жоғарылады. Зарина Дияс 116-дан 134-ке сырғыды.

Жұптық сында Анна Данилина 20-сыншы, Жібек Құламбаева 302-інші, Гөзал Айнитдинова 423-орында тұр.

Бүгін Ю.Путинцева Рим WTA 1000 турнирінің алғашқы айналымында әлемнің 85-ракеткасы, словениялық Кайя Йуванмен ойнайды.

Е.Рыбакина осы додада ертең дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған ресейлік Элина Аванесянмен шеберлік байқасады.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтингіде 33-тен 41-ге төмендеді. Михаил Кукушкин 165-тен 163-ке көтерілді. Дмитрий Попко 182-інші, Тимофей Скатов 193-інші, Денис Евсеев 337-інші, Бейбіт Жукаев 490-сатыда келеді.

Жұптық сында Андрей Голубев 25-інші, Александр Недовесов 60-орында қалса, Григорий Ломакин 249-сатыға жайғасты.

А.Бублик Рим мастерс жарысында бүгін әлемнің 59-ракеткасы, америкалық Маркос Хиронмен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшінің Душанбедегі турнирдің абсолютті чемпионы атанғанын, Юлия Путинцеваның Римде негізгі турнирге жолдама алғанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай