Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Жібек Құламбаева Шымкент турнирінің финалына шықты

2021 жылдың 29 мамыр 2021 23:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Жібек Құламбаева Шымкент ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 578-орында тұрған, осы доданың 3-ракеткасы болып тіркелген 21 жастағы теннисші финалға дейін төрт кездесу өткізді.

Ж.Құламбаева әуелі ресейлік Екатерина Вишневскаяны 6:3, 3:6, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін отандасы Татьяна Николенконы 7:5, 6:3 есебімен ұтты. Ширек финалда ресейлік Екатерина Шалимованы қапы қалдырды – 6:1, 6:3.

Жартылай финалда тағы бір ресейлік Анна Уколовадан айласын асырды – 6:3, 6:0.

Жібек Құламбаева финалда рейтингте 1145-сатыдағы Беларусь өкілі, 17 жасар Кристина Дмитрукпен бас жүлдені сарапқа салады.

Ж.Құламбаева жұптық сында да табысты өнер көрсетті. Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге финалда ресейліктер Екатерина Рейнгольд – Екатерина Шалимованы 7:6 (7:3), 5:7, 10:8 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисші Тимофей Скатовтың Португалиядағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған едік.

Дүниежүзілік рейтингте 441-орында тұрған 20 жастағы Т.Скатов жартылай финалда әлемнің 313-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунемен шеберлік байқасты. Мұнда қазақстандық теннисші 2 сағат 30 минутқа созылған матчта қарсыласына 2:6, 6:3, 2:6 есебімен есе жіберіп, финалға өте алмай қалды.

Дегенмен Т.Скатов өз спорттық жолында алғаш рет челленджер турнирінің жартылай финалына дейін жетті.



Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай