Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Тимофей Скатов ATP рейтингісінде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

2021 жылдың 27 қыркүйек 2021 12:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Тимофей Скатов кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде өзінің рекордтық көрсеткішіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Қазақстаннның бірінші ракеткасы Александр Бублик 34-тен 36-ға төмендеді.

Есесіне 20 жастағы Тимофей Скатов бірден 11 сатыға жоғарылап, 269-орынға орнықты.

Сондай-ақ Дмитрий Попко 188-ден 187-ге, Денис Евсеев 403-тен 398-ге, Александр Недовесов 514-тен 513-ке көтерілді.

Михаил Кукушкин 146-дан 150-ге сырғыды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Astana Open WTA турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болғанын жазған едік.

Әйелдер арасында елорда додасы бүгін басталды.



Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай