Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Теннис: Тимофей Скатов алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінде ойнайды

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 11:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Тимофей Скатов өз спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінде ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Т.Скатов Аустралия ашық чемпионаты іріктеу сайыстарының финалында португалиялық Гаштау Элиашпен кездесті.

Қазақстандық теннисші 6:4, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда Тимофей 2:5 есебімен ұтылып жатып, таразы басын теңестіре білді. Содан кейін тай-брейкте жеңісті жұлып алды. 1 сағат 43 минутқа созылған бәсеке барысында Т.Скатов эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 8 эйс, 3 брейкке (5 брейк-

пойнт) қол жеткізді.

Осылайша 20 жастағы Петропавл қаласының тумасы Т.Скатов ересектер арасында бірінші рет Grand Slam додасында бақ сынамақ. Бұған дейін ол жасөспірімдер арасында «Үлкен дулығада» өнер көрсетіп, 2017 жылы US Open жарысында жартылай финалға дейін жетті.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко іріктеу сайыстарының финалында чехиялық Иржи Лехечкаға 6:4, 3:6, 3:6 есебімен есе жіберіп, негізгі турнирге өте алмай

қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Сидней турнирінің жартылай финалына шыққанын, Аустралия ашық чемпионатында Елена Рыбакина мен Зарина Диястың өзара

кездесетінін жазған болатынбыз.




Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай