Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Скатов пен Құламбаева Мысырдағы турнирдің жартылай финалына шықты

2020 жылдың 16 қазан 2020 17:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Тимофей Скатов пен Жібек Құламбаева Мысырдағы ITF турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шарм әл-Шейх қаласында өтіп жатқан жарыста әлемнің 446-ыншы, осы доданың 6-ракеткасы Т.Скатов ширек финалда рейтингте 711-орындағы жапониялық Шинтаро Мочизукимен кездесті.

Қазақстандық теннисші 6:3, 6:1 есебімен онша қиналмай жеңіске жетті.

Мұның алдында 19 жастағы Т.Скатов украиналық Юрий Джавакянды 7:5, 7:6 (7:4), ресейлік Евгений Филипповты 6:4, 6:3 есебімен жолдан тайдырған болатын.

Енді Т.Скатов финалға шығу үшін рейтингте 775-сатыдағы америкалық Феликс Корвинмен таласады.

Әйелдер арасындағы осы жарыста әлемнің 658-ракеткасы, 20 жастағы Жібек Құламбаева сәтті өнер көрсетуде.

Жібек алдымен рейтинге өзінен төрт саты жоғары тұрған ұлыбританиялық Фрея Кристиді 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін әлемнің 476-ракеткасы, украиналық Марианна Закарлюкты тартысты кездесуде 6:3, 4:6, 7:6 (7:5) есебімен тізе бүктірді. Ал бүгін рейтингте 1007-сатыдағы америкалық Эмма Дэвисті 7:6 (8:6), 6:2 есебімен ұтты.

Ж.Құламбаева рейтингте 626-орындағы тайваньдық Джоанна Гарлендті ұтса, финалға шығады.

Т.Скатов та, Ж.Құламбаева да – жас ойыншылар. Алдағы уақытта ITF ғана емес, челленджер, одан да ірі додаларда табысқа жетсе, рейтингілері жоғарылайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ж.Құламбаева тағы бір қазақстандық Г.Айнитдиновамен бірге жұптық сында Мысыр еліндетоп жарған болатын.

Ал А.Бублик Санкт-Петербург турнирінің ширек финалына шыға алмады.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай