Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Теннис: Рыбакина Қытайдағы Шэньчжэнь турнирінің ширек финалына шықты

2020 жылдың 7 қаңтар 2020 16:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдағы Шэньчжэнь WTA турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 36-ракеткасы Е.Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 50-орында тұрған қытайлық Ван Яфаньмен күш сынасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:3 есебімен басым түсті.

Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Е.Рыбакина брейк жасай алды. Есеп 5:4 болғанда, қарсыласының брейк жасауына жол бермей, өз мүмкіндігін пайдалана білді – 6:4.

Бәсеке 1 сағат 28 минутқа созылды.

Е.Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 17-інші, осы турнирдің 3-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің қазақстандық теннисшілердің жеңісті жолын жалғастырғанын, Зарина Диястың Қытайдағы турнирді сәтті бастағанын, ал Юлия Путинцеваның Брисбенде әлемнің 20-ракеткасын ұтқанын жазған болатынбыз.

Бүгін Доха (Катар) турнирінде Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик рейтингте өзінен үш саты кейін тұрған словениялық Альяж Беденемен ойнайды. Ал әлемнің 66-ракеткасы Михаил Кукушкиннің қарсыласы – рейтингте 229-орындағы Тунис елінің өкілі Малик Жазири.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай