Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Теннис: Рыбакина-Дияс жұбы Аустралияда үшінші айналымға өте алмады

2020 жылдың 26 қаңтар 2020 12:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Зарина Дияс жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жұп екінші айналымда словакиялық Виктория Кузьмова мен Беларусь өкілі Александра Сасновичпен кездесті.

Кузьмова-Саснович жұбы осы «Үлкен дулыға» жарысының 15-ракеткасы болып тіркелген. Олар бірінші сетте 6:4 есебімен басымдылық көрсетсе, екінші партияда да сол қарқыннан айни қойған жоқ - 7:5.

Бәсеке сағат жарымға созылды.

Кузьмова мен Саснович ширек финалға шығу үшін турнирдің 2-ракеткасы, венгриялық Тимея Бабош пен франциялық Кристина Младеновичпен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Кукушкин-Бублик жұбының ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай