Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Путинцева Чарльстон турнирінің ширек финалына шықты

2021 жылдың 8 сәуір 2021 22:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші, әлемнің 31-ракеткасы Юлия Путинцева Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ю.Путинцева үшінші айналымда әлемнің 13-інші, осы жарыстың 6-ракеткасы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездесті.

Бірінші партияда испаниялық теннисші бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Екінші сетте қазақстандық спортшы брейкпен алға шыққанымен, Г.Мугуруса таразы басын теңестірді – 2:2. Бұдан кейін испаниялық теннисші доп берген гейм тартысты өрбіді. Есеп 40:40 болған мезетте өзін жайсыз сезінген Г.Мугуруса жарысты жалғастырудан бас тартты.

Бәсеке 1 сағатқа созылды.

Ю.Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 11-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова немесе рейтингте 91-орында тұрған черногориялық Данка Ковиничтің біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасымен кездесетін аргентиналық ойыншылар белгілі болғанын жазған едік.




Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай