Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Теннис: Кукушкин Вена турнирінде жеңіліп қалды

2019 жылдың 24 қазан 2019 21:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Вена ATP турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 57-орында тұрған М.Кукушкин екінші айналымда әлемнің 34-ракеткасы, испаниялық Пабло Карреньо-Бустамен кездесті.

Тартысты өрбіген бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда қазақстандық спортшы шеберлігін танытты – 7:6 (7:3).

Екінші сетте керісінше испаниялық теннисші есе қайырды – 6:4.

Үшінші, шешуші партияда Карреньо-Буста брейкпен алға шықты – 2:0. Тағы бір брейк – 4:1. Ақыры матчты брейкпен түйіндеді – 6:1.

Тартысты бәсеке 2 сағат 19 минутқа созылды.

Карреньо-Буста жарыстың (жүлде қоры – 2 433 810 АҚШ доллары) жартылай финалына шығу үшін әлемнің 5-ракеткасы, аустриялық Доминик Тим немесе рейтингте 40-сатыдағы тағы бір испаниялық Фернандо Вердасконың біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Вена турнирін жеңіспен бастағанын, ал А.Бубликтің ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.

Бүгін елордада Надаль мен Джоковичтің кездесуі басталып, онда испаниялық теннисші ұтты.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай