Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Қазақстандықтар Азия командалық біріншілігінің финалына шықты

2021 жылдың 26 қараша 2021 08:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан ұлдар мен қыздар құрамасы «Дәулет» теннис орталығында 12 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия командалық біріншілігінің (ITF Asian 12&Under Team Championships 2021) финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, еліміздің қос құрамасы алғаш рет финалға қатар шығып отыр.

Соңғы үш жылда қазақстандық ұлдар қола жүлдені қанағат тұтқан еді.

Бұл жолы Өзбекстанмен өткен жартылай финалдық матчта қазақстандықтар жеңіске деген жігерлерін таныта білді.

Командаға алғашқы ұпайды Родион Трайгель салды. Ол үш сетке созылған бәсекеде Алан Зинатулинді ұтты – 6:1, 1:6, 6:1.

Нұр-Сұлтан ұлттық теннис орталығының түлегі Ярослав Пшеничныйдың Акмаль Абдуллаевпен кездесуі де тартысты өтті. Бірінші партияда брейк жасаған Ярослав сол басымдылығынан айырылған жоқ. Ол екінші сетте де есеп 6:5 болған мезетте шешуші брейкті жасай білді – 7:5.

Жұптық матч ешқандай рөл ойнамағандықтан, қазақстандықтар күштерін сақтау үшін кортқа шыққан жоқ.

Қазақстандық ұлдар финалда Пәкстан құрамасымен бас жүлдені сарапқа салады. Оларды топтық бәсекеде 2:1 есебімен ұтқан болатын.

Қазақстандық қыздар өз тарихында екінші рет Азия командалық біріншілігінің финалына шықты.

Жартылай финалда қыздар Өзбекстан құрамасынан 3:0 есебімен басым түсті. Эвелина Балаганская Кира Кимді 6:1, 6:3 есебімен жеңсе, Ева Корышева Эмилия Кимді қапы қалдырды – 6:1, 6:0. Жұптық сында да олар қарсылас шыдатқан жоқ.

Финалда қазақстандық қыздар Үндістанмен сынға түседі. Топтық бәсекеде оларды 2:1 есебімен жеңген болатын.

Қыздар 2019 жылғы чемпиондық атағын қорғайтын болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия біріншілігінің жартылай финалында Қазақстан мен Өзбекстан сынға түсетінін, Анна Данилинаның Дубайдағы турнирдің жартылай финалына финалына өткенін жазған болатынбыз.











Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай