Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Елена Рыбакина Чикаго турнирінің ширек финалына шықты

2021 жылдың 30 қыркүйек 2021 23:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Елена Рыбакина Чикаго WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың бесінші ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 31-орында тұрған ресейлік Вероника Кудерметовамен ойнады.

Мұның алдында Чехияның Острава қаласында өткен осындай додада қазақстандық теннисші қарсыласын 6:1, 6:3 есебімен тізе бүктірген болатын.

Бұл жолы матч әлдеқайда тартысты өрбіді.

Бірінші партия тағдыры тай-брейкте шешіліп, онда Рыбакинаның жолы болды – 7:6 (7:4).

Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Елена брейк жасағанымен, Кудерметова сол бойда қарымта қайырды – 3:3. Есеп 5:5 болғанда, Рыбакина тағы бір брейкке қол жеткізді – 6:5. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 7:5.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық теннисші 9 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Қарсыласы 10 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың үшеуін ғана пайдаланды.

Е.Рыбакина жүлде қоры 565 мың АҚШ долларынан асатын жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 12-ракеткасы, швейцариялық, Токио Олимпиадасының чемпионы Белинда Бенчич немесе рейтингте рейтингте 53-сатыдағы чехиялық Тереза Мартинцованың біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Чикаго жарысында үшінші айналымға шыққанын, Анна Данилинаның жұптық сында Astana Open турнирінің жартылай финалына өте алмағанын жазған болатынбыз.

Есесіне Юлия Путинцева елордада жартылай финалға шықты.






Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай