Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Теннис: Елена Рыбакина чемпиондық рейтингіде екінші орынға көтерілді

2022 жылдың 10 қаңтар 2022 12:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) бүгін жариялаған чемпиондық рейтингіде Қазақстанның бірінші, әлемнің 13-ракеткасы Елена Рыбакина екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көш басында әлемнің бірінші ракеткасы, аустралиялық

Эшли Барти келеді.

Е.Рыбакина мұндай табысқа Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінде сәтті өнер көрсетуі нәтижесінде қол жеткізді. Онда ол финалда ғана дәл осы Э.Бартиге жол берген болатын.

Қазақстандық теннисшінің енді Сидней мен Аустралия ашық чемпионатында жолы болса, көрсеткішін одан әрі жақсарта алады.

Сонымен, WTA чемпиондық рейтингісінің үздік ондығына

мыналар кірді:

1. Эшли Барти (Аустралия) — 470.

2. Елена Рыбакина (Қазақстан) — 305.

3. Симона Халеп (Румыния) — 280.

4. Аманда Анисимова (АҚШ) — 280.

5. Александра Саснович (Беларусь) — 198.

6. Игра Свёнтек (Польша) — 185.

7. Мисаки Дои (Жапония) — 185.

8. Вероника Кудерметова (Ресей) — 180.

9. Чжэн Циньвэнь (Қытай) — 128.

10. Наоми Осака (Жапония) — 110.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның

Аделаида турнирінде әлемнің бірінші ракеткасынан жеңіліп

қалғанын, қазақстандық теннисшілердің Аустралия ашық

чемпионатының іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған

болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Недовесов Мельбурн турнирінің

финалына дейін жетті.

Е.Рыбакинаәлемдік рейтингіде үздік ондыққа жақындады.





Перевод Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай