Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Бублик Гамбургте негізгі турнирге өте алмады

2020 жылдың 20 қыркүйек 2020 21:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Александр Бублик Гамбург ATP жарысында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Бублик іріктеу сайыстарының финалында рейтингте өзінен үш саты төмен тұрған америкалық Томми Полмен кездесті.

Америкалық теннисші 6:4, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 7 минутқа созылды.

Осылайша А.Бублик жүлде қоры 1,7 млн еуродан асатын Гамбург додасының негізгі турниріне шыға алмай қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакина мен З.Диястың Страсбург турнирінде ойнайтынын жазған болатынбыз.

Бүгін Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакинаның қарсыласы анықталды. Ол алғашқы айналымда рейтингте 110-орында тұрған бельгиялық Гретье Минненмен күш сынасады. Г.Миннен іріктеу сайыстарының финалында чехиялық Михаэла Байерлованы 6:2, 6:2 есебімен ұтты.



Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай