Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Бублик Гамбург турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

2020 жылдың 19 қыркүйек 2020 21:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Александр Бублик Гамбург АТР турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін рейтингте 227-орында тұрған германиялық Матс Мораингпен өткізді.

Бірінші партия барысында брейк жасаған А.Бублик алға шықты. Содан кейін сетті тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Екінші сетте қазақстандық теннисші бірден брейк жасады – 3.0. Әйтсе де қарсыласы қалыспай, таразы басын теңестірді – 4:4. Дегенмен А.Бублик тағы бір брейк жасап, матчты тәмамдады – 7:5.

Бәсеке 1 сағат 10 минутқа созылды.

А.Бублик іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 59-сатыдағы америкалық Томми Полмен шеберлік байқасады. Оны ұтса, негізгі турнирге жолдама алады.

Жүлде қоры 1,7 млн еуродан асатын Гамбург жарысы 21-27 қыркүйек аралығында өтеді.

Коронавирусқа байланысты орын алған үзілістен кейін А.Бублик табысты ойнай алмай жүр. Алдымен АҚШ-тың ашық чемпионатында алғашқы айналымнан аса алмаса, содан кейін Рим мастерс турнирінің іріктеу сайысында сүрінді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Римде Италия ашық чемпионатының жартылай финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.



Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай