Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Теннис: Анна Данилина Сидней турнирінің жартылай финалына өтті

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 16:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Сидней WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге ширек финалда ресейліктер Екатерина Александрова – Натела Дзаламидземен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда ресейлік жұп басымдылық танытты – 7:5.

Екіншісінде Анна мен Беатрис дәл сондай есеппен есе қайырды – 7:5. Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:8.

Қазақстандық-бразилиялық жұп 1 сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында эйс жасамағанымен, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Қарсыластары 3 эйс, 3 брейкке (8 брейк-пойнт) қол жеткізді.

А.Данилина мен Б.Хаддад Майя финалға шығу үшін осы жарыстың 2-ракеткалары, жапониялықтар Сюко Аояма – Ена Шибахарамен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жарақатына байланысты Сидней жарысын жалғастыра алмағанын, Юрий Польскийдің Азия теннис федерациясының вице-президенті болып тағайындалғанын жазған едік.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай