Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Александр Бублик Истбурн турнирінің жартылай финалына өте алмады

2021 жылдың 24 маусым 2021 20:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик Истбурн (Ұлыбритания) ATP 250 турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 27-ракеткасы, италиялық Лоренцо Сонегомен күш сынасты.

Италиялық спортшы 6:1, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 17 минутқа созылды.

А.Бублик матч барысында 8 эйс жасап, екі брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 4 брейк жасай алды.

Жүлде қоры 547265 еуроны құрайтын жарыстың финалына шығу үшін Л.Сонего әлемнің 95-ракеткасы, тағы бір италиялық Андеас Сеппи немесе рейтингте 283-орында тұрған аустралиялық Макс Перселдің біреуімен таласады.

Бұл Уимблдон турнирі алдындағы соңғы дода болып табылады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Истбурн турнирінің ширек финалына шыққанын, Е.Рыбакинаның әлемнің бесінші ракеткасын ұтқанын жазған болатынбыз.





Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай