Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«Теңіз» кенішінде жұмысшы пышақ жарақатын алған

2020 жылдың 5 шілде 2020 18:15

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде жұмысшылардың бірі пышақ жарақатын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кешеден бері әлеуметтік желіде Теңіз кенішіндегі жатақханалардың бірінде жұмысшылардың бірі пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат тарады. Желіде жатақхана ішінде түсірілген фото да жарияланды.

Кейбір дерекке қарағанда, тұрмыстық жанжалдан жарақат алған екі жұмысшы ТШО-ның медициналық клиникасына жатқызылған.

«Бұл оқиға Жылыой ауданындағы «Теңіз» кен орнындағы серіктестіктің бірінің жатақханасында болған. Осыған байланысты бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда дәріхананы тонап кеткенін жазып едік.



Жоғары қарай