Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теңіз кенішінде вакцина алғандарға қосымша ақша төленетіні туралы ақпарат жалған

2021 жылдың 2 желтоқсан 2021 14:24

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Теңіз кенішінде вакцина алғандарға қосымша төлем төленетіні туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін әлеуметтік желіде «Теңізшевройл» компаниясы барлық мекемеге вакцина алған әр жұмысшыға 70 000-130 000 теңге көлемінде ақша аударған» деген ақпарат тараған. Бұл ақпаратты «Теңізшевройл» ЖШС-нің баспасөз қызметі жоққа шығарды.

«Компания вакцина алған қызметкерлерге қосымша төлем төленетіні туралы әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпараттан хабардар. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

«Теңізшевройл» компаниясында вакцинациялау бағдарламасы ерікті түрде жүзеге асырылып жатыр. Осы кезге дейін Теңіз кенішінде қызметкерлердің 94%-дан астамы екпе алды. «Теңізшевройлдың» басты құндылығы – қызметкерлердің және өзіміз жұмыс істейтін қауымдастықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау. Компанияның және мердігер ұйымдардың барлық қызметкері растлаған ақпарат ғана сенеді», -деп хабарлады

компанияның баспасөз қызметі.




Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Рfizer вакцинасын асханадағы сусындарға қосады деген жалған ақпарат тарағанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай