Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теңіз кенішінде Филиппин мен Үндістан азаматтары коронавирус жұқтырды

2020 жылдың 17 мамыр 2020 15:00

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Бүгін Атырау облысындағы Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырған жұмысшылар арасында Филиппин мен Үндістан азаматтары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, бүгін Теңіз кенішінің 35 жұмысшысынан коронавирус инфекциясының белгісі табылған.

«Қауіпті індет табылған жұмысшылардың үшеуі –Үндістанның, біреуі – Филиппиннің азаматы. Жұмысшылардан коронавирус инфекциясы тұрғылықты мекенжайына шығар алдында өткізілген скрининг барысында анықталған. Олардың арасында 34 ер адам, 1 әйел бар. Барлығы да инфекциялық стационарға жатқызылды. Хаттамаға сәйкес ем қабылдауда. Науқастармен байланыста болғандар анықталып, дəрігерлер бақылауына алынды. Инфекция ошақтарына дезинфекция жүргізілуде» -деп хабарлады өңірлік жедел штаб.

Бүгін, 17 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 541 адам тіркелді.


Жоғары қарай