Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теңіз кенішінде 5 автобустың өртенуі: Оқиға себебі анықталды

2021 жылдың 6 наурыз 2021 02:14

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Теңіз кенішінде 5 автобустың өртену себебі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кеткенін жазған едік.

«ССЕР» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, қызметтік автобустар Теңіз вахталық қалашығындағы тұраққа сағат 19:00-де келіп, жолаушылар түсірілгеннен кейін қозғалысты тоқтатқан. Тұраққа қойылған автобустардың бірінің мотор бөлігінен шыққан өртті «ССЕР» компаниясының сигнал беруші қызметкері байқаған.

«Алғашқы қызметтік тексеріс көрсеткендей, сигнал беруші артқы жақта тұрған автобустардың бірінің қозғалтқыш бөлігінен шыққан түтінді байқаған. Нұсқаулыққа сәйкес, ол дереу кезекшіге хабарлаған. Оқиға орнына «ССЕР» компаниясының өрт сөндіру командасы, сондай-ақ «Теңізшевройл» компаниясының апатқа қарсы құрамының (ПАС) қызметкерлері мен үш арнайы техникасы жедел жетті», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Алайда, секундына 15-20 метр күшпен соққан желдің екпінімен жалын жақын маңдағы автобустарға тез тараған. Соның салдарынан 5 автобус өртенген.

«Сағат 21.00-де өрт толығымен өшірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірілгеннен кейін оқиға орны қоқыстардан тазартылды. Компания қызметкерлері штаттық режимде қайта жұмыс істей бастады.

Сарапшылардың пікірінше, өрттің тұтануына автобустың мотор бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Өрттің нақты себебін «ССЕР» компаниясы «Теңізшевройл» және мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп құрған жұмысшы комиссия анықтайды», - деп мәлім етті компаниядан.

Ақпаратқа сүйенсек, қызметтік автобустар күн сайын рейске шығар алдында тексерістен өтіп тұрады. Бұдан бөлек, «Теңізшевройл» компаниясының талабына сәйкес, белгіленген мерзімде міндетті техникалық байқаудан өтеді.


Жоғары қарай