Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті

2021 жылдың 5 наурыз 2021 23:47

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін, 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кенішінде болды.

«Бүгін «ССЕР» компаниясының автотұрағындағы автобустардың бірі өртенді. Өрт бірден жанында тұрған 4 автобусты шарпыды. Жалынды сөндіруге «Теңізшевройл» компаниясының өрт сөндіру қызметінен 30 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт жергілікті уақытпен сағат 21:00-де толық жойылды», - деп хабарлады «ССЕР» компаниясының өкілі Орақ Бисембиев.

Мәлім етілгендей, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Жоғары қарай