Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Теңіз кеніші: Бір күнде 20 жұмысшыдан КВИ анықталып, 25-і қауіпті індеттен айықты

2020 жылдың 27 мамыр 2020 19:33

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырауда Теңіз кенішінің 20 жұмысшысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Ал, 25 жұмысшы қауіпті індеттен айықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте 21 адамнан қауіпті індеттің белгісі анықталған. Оның ішінде Теңіз кенішінің 20 жұмысшысы бар. Ал, тағы бір науқас Құрманғазы ауданының тұрғыны болып шықты.

Сондай-ақ, бүгін коронавирус инфекциясынан 26 адам жазылып шыққан. Пациенттердің 25-і –Теңіз кенішінің жұмысшылары. Ал, біреуі Атырау қаласының 52 жастағы тұрғыны екен.

«Қауіпті індет Теңіз кенішінде жұмыс істеген 16 ер адам мен 4 әйелден анықталды. Сонымен бірге, Құрманғазы ауданының 48 жастағы тұрғыны бұрын індет жұқтырғанмен байланыста болған. Бәрі инфекциялық стационарға жатқызылып, алгоритмге сәйкес ем қабылдауда. Ал, бүгін қауіпті індеттен айыққандардың бәрі өздерін жақсы сезінеді. Олардан коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін алынған соңғы тест теріс нәтиже көрсетті», - деп хабарлады жедел штабтан.

Бүгін Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 944 адамға жетті. Ал, жазылып шыққан пациенттердің саны 262 адамды құрады.

Еске сала кетелік, бұған дейін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Теңіз кенішіндегі ахуал тұрақталса, жұмысшылар жұмыс орнына оралатынын айтқан еді. Сондай-ақ, Атырауда коронавируспен күреске 1 млрд теңге астам қаржы жұмсалды деп жазған едік.




Жоғары қарай