Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Tengri Bank лицензиясынан айырылды

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 09:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Агенттік) «Tengri Bank» АҚ-сын барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өтемақының ұлттық валютада төленетін мәлім етті.

Оның сомасы: - теңгедегі жинақ салымдары (депозиттер) бойынша 15 млн теңгеден;

- ұлттық валютадағы өзге депозиттер бойынша 10 млн теңгеден;

- шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 млн теңгеден аспауға тиіс.

Салымшыда түрі мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше кепілдік берілген депозиттер болған жағдайда, олар бойынша 15 млн теңгеге дейін жиынтық кепілдік берілген өтемақы төленеді.

Басты сөздер: Банктер, Қаржы, Заң, Экономика,
Жоғары қарай