Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теміржол жолаушылар тасымалы өсті

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 11:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Жолаушылар үшін теміржол көлігі қызметі бір жылда 10%-ға қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі energyprom.kz cайтына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында темір жол көлігімен 267,2 млн тонна жүк пен багаж тасымалданды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,4-%-ға артық. Тікелей жүк тасымалы тамыз айында 35,2 млн тоннаны құрап, 2020 жылдың шілдесімен салыстырғанда 0,7%-ға және өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 2,3%-ға төмендеді.

Жүк айналымы 4,4% - ға, 194,1 млрд ткм-ге дейін өсті. Ағымдағы жылдың тамыз айында жүк айналымы 25,4 млрд ткм құрады. Бұл шілдемен салыстырғанда 1,1%-ға және өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 4,5%-ға аз.

Тамыз айында жолаушылар теміржол көлігі қызметі 9,9% - ға қымбаттады. Өңірлер арасында бағаның өсуі Түркістан облысының тұрғындарына айтарлықтай әсер етті: жылдық өсім 23,8%-ды құрады.

Сондай-ақ, Ақмола облысында (15,8% - ға) және Алматыда (15,1% - ға) да бағалар өсті.

Ақтөбе (0,1%-ға), Қызылорда (1,5% - ға) және Батыс Қазақстан (1,6% - ға) облыстарында қызметтер біршама қымбаттады.


Басты сөздер: Статистика, Қоғам,
Жоғары қарай