Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теміртаулықтар жылусыз қалды: Әкім тұрғындардан кешірім сұрады

2021 жылдың 26 ақпан 2021 12:15

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртау тұрғындары аязда жылусыз қалды. Мұның себебі қаланы жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жөндеу деп аталды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов тұрғындар алдында кешірім сұрады. Мамандар екі қазандықты сағат 11.00-де және 13.00-де қосуға уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Қайрат Бегімов теміртаулықтарға әлеуметтік желілерде орталықтағы жағдайды түсіндірді.

«АрселорМиттал Теміртау» ЖЭО-2 қазандық жабдығындағы жөндеу жұмыстарына байланысты қалаға жылумен жабдықтау төмендетілген параметрлермен беріледі. Жөндеу бригадалары күшейтілген режимде жұмыс істеуде ... қалыптасқан жағдай үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраймын», - деді Теміртау қаласының әкімі.

Сондай-ақ, қала басшысы тұрғындардан өтінімдер қабылдау үшін (7213) 98-08-66 және 99-62-62 телефондары бойынша «Оқжетпес-Т« көп арналы желісі жұмыс істейтінін хабарлады. Қала әкімі тұтынушыларға жылу үшін қайта есептелуі жүргізілетініне сендірді.

Теміртауда бейсенбі күні ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендеді, желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.

Теміртау әкімдігінде температуралық режим сағат 13.00-ге дейін қалпына келтірілетіні туралы хабарлады.

«26 ақпан күні сағат 07.00-де ЖЭО-2-де 3 қазандық жұмыс істеуде, жөндеу жұмыстары екеуінде аяқталды. Бұл қазандықтарда сәйкесінше 06.30 және 06.40-та от жағылды. Қазандар желіге сағат 11.00 және 13.00-де қосылады, жалпы қала бойынша температуралық режим сағат 13.00 - ге дейін қалпына келтіріледі», - деп хабарлады әкімдікте.


Жоғары қарай