Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Теміртауда төтенше жағдай тәртібін бұзған супермаркет әкімшісі 10 тәулікке қамалды

2020 жылдың 24 наурыз 2020 19:15

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – ТЖ режимі кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамағаны үшін Теміртау қаласындағы супермаркеттің иесі 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22 наурызда Теміртау қаласы ІІБ Старогород полиция бөлімінің полицейлері ҚР ӘҚБК 476-бабының 6-тармағына сәйкес қаладағысупермаркеттердің бірінің 51 жастағы әкімшісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды.

«Супермаркет әкімшілігі елдегі төтенше жағдайдың жариялануына байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын бұзды. Атап айтқанда кассир жұмыс орнында бір рет қолданылатын қолғапсыз және маскасыз отырған, кіріп-шыққан келушілер арасында тосқауыл жоқ, объектіге кіру кезінде дезинфекциялық тосқауыл жасалмағаны анықталды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

23 наурызда Теміртау қаласының әкімшілік соты оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.


Жоғары қарай