Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Теміртауда Мемлекет басшысының сөйлеген сөздерінің негізгі бағыттары бойынша панельдік сессиялар өтті

2022 жылдың 16 қаңтар 2022 04:45

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 11 қаңтардағы баяндамасының негізгі бағыттары бойынша Теміртау қаласында панельдік сессиялар өтті. Спикерлер ретінде жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де, қоғам қайраткерлері де шақырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесудің модераторы «Теміртау қаласының Ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы, президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі Айнагүл Абдрахманова болды.

«Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Гәкку Ысқақова әлеуметтік маңызы бар өнімдер бойынша бағаларды реттеуге қатысты мәселелерді түсіндірді. Ал «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Теміртау филиалының директоры Әзиз Оразұлы және Теміртау қаласы кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Владимир Быков кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы айтып берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінде айтылған маңызды тақырыптардың бірі – халықты жұмыспен қамту мәселелері болды. Осы бағыт бойынша Теміртау қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Динара Саттыбаева сөз сөйледі. Ол тікелей эфирде түскен тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Панельдік сессия соңында Теміртау қаласы Полиция басқармасы Әкімшілік полиция бөлімінің міндетін атқарушы, майор Карисов Нұрлан сөз сөйледі.

Барлық панельдік сессиялар қала әкімдігінің ресми аккаунтынан және @temirtau.off жергілікті паблигінен тікелей эфирде өтті.

Панельдік сессиялардың соңында тұрғындардың пікірін ескере отырып, осындай іс-шаралар тәжірибесі жалғасатыны атап өтілді.


Жоғары қарай